Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру мен робототехника үшін дуалды білім беру / DIARKAZ » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру мен робототехника үшін дуалды білім беру / DIARKAZ

Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру мен робототехника үшін дуалды білім беру / DIARKAZ


 


  

 

Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру мен робототехника үшін дуалды білім беру / DIARKAZ 

Жоба коды: 609757-EPP-1-2019-1-RS-EPPKA2-CBHE-JP

Орындау мерзімі: 15.01.2020-14.01.2023


Жобаның басты мақсаты:

Қосралы білім беру енгізу арқылы өндірістік автоматика және робототехника саласындағы бакалавр бағдарламасын Қазақстанның үш жоғары оқу орнында әзірлеу, енгізу, тестілеу және растау: М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде, Павлодар Инновациялық Еуразиялық Университеті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті.


Жобаның міндеттері:

  • Қосарлы білім беру технологиясын қолдана отырып, білім беру процесінде өнеркәсіптік компаниялардың қажеттіліктеріне сәйкес оқу жоспарларын жасауға және түзетуге ықпал ету.
  • Оқытудың нақты қажеттіліктерін анықтау және қосарлы білім беру технологиясының бөлігі ретінде практикалық жаттығулардың мазмұнын жасау үшін сала мамандарын тарту.
  • Серіктестіктің оқытушылары мен қызметкерлерінің мерзімді практикалық машықтануына мүмкіндік жасау арқылы университеттерде қосарлы білім беру бағдарламаларында көп жылдық тәжірибесі бар ЕО елдерінің озық тәжірибелерін тарату және енгізу.
  • Кәсіпорындарда практикалық сабақтарды кезең-кезеңімен өткізуге көмектесетін құралдар мен үлгілер жасау.
  • Бейтарапталған оқу жоспарларын, қажетті құралдар мен оқу материалдарын тестілеу және бағалау арқылы жоғары білім берудегі қосарлы білім беру технологиясының барлық мүдделі тараптар үшін артықшылықтарын көрсету.
  • Практикада интеграцияланған қос парадигмада (Қазақстан жағдайында) енгізу үшін қолданыстағы бакалавриат бағдарламаларын өзгерту және қайта құру әдістемесін жасау.
  • Басқа оқу орындары мен кәсіпорындарға қосарлы білім беру технологиясын ұсына отырып, нәтижелерді үнемі қолдануды қамтамасыз ету.
  • Жобаның нәтижелерін тарату және Қазақстанда қосарлы жоғары білім беру бағдарламаларын құруды ынталандыру.

                                                                                                                         

Жобаның жұмыс тобының құрамы:

  1. жоба жетекшісі - э.ғ.к. Кадырова А. С.
  2. байланыс жөніндегі жобаның менеджері - филол.ғ.к. Алиясова А. В.
  3. зерттеуші (дуалды оқыту технологиясы бағыты бойынша) - э.ғ.к. Кашук Л.И.
  4. зерттеуші (зерттеу сапасына жауапты, жұмыс берушілермен байланыс) биол.ғ.к., Комардина Л.С.
  5. зерттеуші, әзірлеуші - пед.ғ.к. Салий Т.М.
  6. жоба нәтижелерін таратуға жауапты зерттеуші, вебсайт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі Бокаева М.С.

  7. жоба бухгалтері - Нурова Н.Ш.


БҰЛ ЖОБА ЕУРОПА КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ. БҰЛ ЖАРИЯЛАНЫМ (ХАБАРЛАМА) ТЕК АВТОРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫН КӨРСЕТЕДІ, АЛ КОММИСИЯ БАР АҚПАРАТТЫ КЕЗ-КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер

Чат-бот