PhD докторантурасы

03 шілдеден 03 тамызға дейін.

04 тамыздан 20 тамызға дейін.

28 тамызға дейін.
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Білім туралы құжатты;
- Шет тілін меңгергені туралы сертификаттың көшірмесі;
- Ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
- 3x4 сантиметр өлшеммен төрт фото сурет;
- Медициналық анықтама 075/У түрінде;
- Персоналды есепке алу туралы жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат;
- Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге түпнұсқа тексеру үшін беріледі. Тексеруден кейін түпнұсқа қайтарылады;
- Тіркеу куәлігінің көшірмесі (оқудың келісімшарттық нысанына түсетін ерлер үшін).
Қосымша ақпаратты Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 1-ғимарат, 101-каб. мекенжайы бойынша алуға болады. Тел.: 8 (7182) 67-35-35. E-mail: call@ineu.kz
Білім беру саласының жіктемесі және коды |
Оқыту бағыттарынын жіктемесі және коды |
Білім беру бағдарламаларының тобы |
Білім беру бағдарламасының атауы |
|
8D04 Бизнес, менеджмент және құқық |
8D041 Бизнес және менеджмент |
D070 Экономика |
8D04101 Экономика |
|
8D042 Құқық |
D078 Құқық |
8D04201 Құқықтану |

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына докторантураға қабылдау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 31 Қазанда № 17650 болып тіркелді), Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес. Осы Ереже докторантураның білім беру бағдарламаларына тұлғаларды қабылдау тәртібін анықтайды.
- Докторантураға магистр дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтар қабылданады.
- Шетелдік азаматтар мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін оқуға арналған конкурсқа Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар мен келісімдерде көзделген жағдайларда ғана қатыса алады.
- Докторантураға қабылдау білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Докторантураға түсу емтиханы эссе жазудан, докторантурада оқуға дайындыққа тест тапсырудан және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтиханнан тұрады.
- Қабылдау емтиханына арналған материалдарды (эссе тақырыбы, ББТ бойынша емтихан сұрақтары) ЖЖОКБҰ әзірлейді.
- Қабылдау емтиханына арналған материалдарды ЖЖОКБҰ-ның жоғары алқалы органы бекітеді.
- ҰТО талаптарына сәйкес келетін емтихан материалдары ҰТО-ға уәкілетті орган белгілеген мерзімнен кешіктірілмей түсуге тиіс.
- Түсу емтихандарын өткізу және докторантураға қабылдау кезеңінде ЖЖОКБҰ-да түсу емтихандарын қабылдау үшін пәндік емтихан және апелляциялық комиссиялар құрылады; эссені тексеру үшін жеке комиссия құрылады.
- Емтихан комиссиялары даярлау бағыттарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша (ғылым кандидаты, докторы) ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі бар жоғары білікті қызметкерлер қатарынан құрылады.
- Апелляциялық комиссияның құрамына төраға және комиссияның кемінде үш мүшесі кіреді. Жекелеген білім беру бағдарламасы бойынша емтихан және/немесе апелляциялық комиссия, сондай-ақ даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бірыңғай емтихан және/немесе апелляциялық комиссия құруға жол беріледі.
- Емтихан және апелляциялық комиссиялардың құрамы ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі.
- Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы аралығында, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4 тамызы мен 20 тамызы аралығында, қабылдау 28 тамызы аралығында жүргізіледі.
Докторантураға қабылдау тәртібі
- Докторантураға түсуші тұлғалар 3 шілде мен 3 тамыз аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) сайтында тіркеледі. МСМ және ДСМ ведомстволық бағынысты ЖЖОКБҰ-ға түсушілер өздерінің жоғары оқу орындарының базасында түсу емтихандарын тапсырады.
- Кейін түсу емтиханын тапсыру үшін тіркелу 1 (бір) рет рұқсат етіледі; ҰТО сайтында қайта тіркелуге жол берілмейді.
- Құжаттарды қабылдау ҰТО сайтында жүзеге асырылады, оқуға түсуші жеке деректерін толтырады, докторантураға түсу үшін 1 (бір) ЖОО және 1 (бір) ББТ таңдайды, түсу емтиханын тапсыру орнын таңдайды.
- ҰТО өңірлер бөлінісінде түсу емтихандарының кестесін қалыптастырады. Түсу емтихандарын өткізу бағдарламалары мен кестелері оқуға түсушілердің назарына түсу емтиханы басталғанға дейін 3 ( үш) күн бұрын жеткізіледі.
- Докторантураға түсуші тұлғалар ҰТО сайтында тіркелу үшін келесі құжаттарды тапсырады:
- жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі және магистр дипломы (үш қосымшасы бар дипломдардың түпнұсқалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде/одан кейін ұсынылады);
- жеке басын куәландыратын құжат;
- өлшемі 3x4 сантиметр сандық фото;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық құжаттама;
- Докторантураға түсушілер ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығына сәйкес шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (түпнұсқа) немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
- соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдар).
Түсу емтиханын өткізу рәсімі
- Докторантураға түсу емтиханы Аймақтық тестілеу орталығының базасында компьютерлік форматта өткізіледі.
- Түсу емтиханының ұзақтығы - 4 сағат, осы уақыт ішінде оқуға түсуші эссе жазады, докторантурада оқуға дайындық тестінен өтеді, 3 сұрақтан тұратын электрондық емтихан билетіне жауап береді. Сұрақтар тізбесі мен эссе тақырыбы кездейсоқ түрде қалыптастырылады.
- Түсу емтиханы үшін ең жоғары балл – 100 балл, оның ішінде эссе-20 балл, МОО – 30 балл, ББТ бейіні бойынша емтихан – 50 балл.
- Үміткерлер түсу емтиханын өз таңдауы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсыра алады, бұл ретте емтиханның барлық блоктары таңдап алынған тілдердің бірінде болуы тиіс.
- Эссе-бұл ғылыми білімнің тұжырымдамалары мен аналитикалық құралдарын қолдана отырып, өздігінен жүргізілген талдау негізінде қойылған мәселе бойынша авторлық ұстанымның дәлелді жазбаша мәлімдемесі.
Мақсаты-теориялық білім, әлеуметтік және жеке тәжірибе негізінде өз дәлелдерін құру қабілетінде көрсетілген аналитикалық және шығармашылық қабілеттердің деңгейін анықтау.
Эссе түрлері: зерттеу іс-әрекетіне ынталандыру себептерін ашатын мотивациялық эссе, жоспарланған зерттеудің өзектілігі мен әдіснамасын негіздейтін ғылыми-аналитикалық эссе, пән саласындағы ғылыми білімнің әртүрлі аспектілерін көрсететін проблемалық/тақырыптық эссе. ЖЖОКБҰ-ға ББТ-ға байланысты эссе түрлерін өз бетінше анықтау ұсынылады.
Эсседе графикалық нысандар, символдар мен формулалар болмауы керек. Эсседегі сөздердің ұсынылатын саны-250-300.
- Эссені бағалау критерийлері ЖЖОКБҰ-ның ерекшелігіне қарай әзірленеді. Бұл ретте мынадай критерийлерді негізге алу ұсынылады: теориялық білім негізінде тақырыпты ашудың тереңдігі мен толықтығы, дәлелдеменің қисындылығы, дәйектілігі мен дәлелділігі, баяндаудың композициялық тұтастығы, академиялық жазу деңгейі (лексика, ғылыми терминологияны білу, грамматика, стилистика).
- Докторантурада оқуға дайындығын анықтау тесті логикалық және сыни ойлау деңгейін анықтайды. Тест тапсырмаларын ҰТО әзірлейді. Ең жоғарғы ұпай саны - 30.
- Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан 3 сұрақ блогын қамтиды, оның ішінде: 1-сұрақ теориялық білімнің деңгейі мен жүйелілігін айқындайды; 2-сұрақ функционалдық құзыреттердің қалыптасу дәрежесін анықтайды; 3-сұрақ жүйелік құзыреттерді анықтауға бағытталған. Ең жоғарғы ұпай саны - 50.
- Емтихан сұрақтарын, жауаптарды бағалау критерийлерін ЖЖОКБҰ әзірлейді және бекітеді. Ұсынылатын емтихан сұрақтарының саны: әлеуметтік-гуманитарлық бағыт үшін – 210 (әр сұрақ блогы үшін-70, жаратылыстану – техникалық бағыт үшін – 150 (әр сұрақ блогы үшін-50).
- Оқуға түсушілер түсу емтихандарының келесі күні түсу емтихандарының нәтижелерімен Жеке кабинеттегі хабарлама арқылы таныса алады.
Апелляция өткізу рәсімі
- Апелляцияға өтініш үміткердің жеке кабинеті арқылы АТО-ға түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні қабылданады.
- Апелляцияға берілген өтініштерді ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
- ТГО блогы бойынша апелляцияны ҰТО Республикалық апелляциялық комиссиясы тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша докторантураға түсетін тұлғалардан қарайды.
- Эссе және бейін бойынша емтихан нәтижелері бойынша апелляцияны ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиялары жүргізеді.
- Апелляцияға өтінішті қарау нәтижелері үміткердің жеке кабинетіне орналастырылады.
Докторантураға қабылдау тәртібі
- Докторантураға тұлғаларды қабылдау түсу емтиханының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан бойынша неғұрлым жоғары баға алған адамдар басым құқыққа ие болады.
- Бейінді емтихан үшін көрсеткіштер бірдей болған жағдайда білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының Web of Science дерекқорына кіретін рейтингтік ғылыми басылымдарда, КОКСОН басылымдарында соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар ескеріледі.
Алдын ала жазылу үшін мына мекенжай бойынша хабарласыңыздар: Ломов к-сі, 45, 101-каб., тел: 8 (7182) 67-37-37, +7 (700) 956-98-91, call@ineu.kz