«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар конкурсын өткізеді » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар конкурсын өткізеді
14 июня 2021

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар конкурсын өткізеді

Конкурс 2021 жылғы 15 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі. Қорытындысы 2021 жылғы 10 қыркүйекте шығарылатын болады.

Конкурсқа қатысуға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жүрген магистранттар мен докторанттар шақырылады.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.

Конкурсқа қатысу үшін бұрын ғылыми басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар қабылданады.

Ғылыми мақала келесі бөліктерден құрылуы қажет:

  • кіріспе;
  • негізгі бөлім;
  • қорытынды;
  • ұсыныстар мен ұсынымдар.


Мақаланың мазмұны:

  • конкурстың тақырыбы мен мақсатына сәйкес болуы керек;
  • шынайы болуы қажет;
  • өзекті ақпараттарды қосу міндетті;
  • мәселенің тұжырымдамасын көрсету;
  • ұлттық және халықаралық тәжірибе кейстерін ашу;
  • практикалық маңыздылығы мен құндылығын көрсету;
  • ұсыныстар, идеялар мен ұсынымдарды көрсету қажет.


Ғылыми мақаланың қорытынды бөлігінде мемлекеттік органдар мен сарапшылар қоғамдастығы үшін саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, халықаралық және басқа да салалардағы ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелері бойынша тұжырымдар мен практикалық ұсынымдар қамтылуға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар негіз болып табылады:

  • өтінім-сауалнама;
  • конкурстық мақала;
  • жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  • оқу орнынан берілген анықтама.


Конкурстық комиссия «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» ғылыми мақалалар конкурсына» деген белгісі бар мақалаларды zhaisenbayeva_dkh@plibrary.kz электрондық поштаға қабылдайды. Байланыс телефондары: +77029171450, +77015183584.

Конкурс жүлдегерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына ресми марапаттау рәсіміне шақырылады.

Конкурс туралы ережемен, ғылыми мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптармен және конкурсқа қатысуға өтінім-сауалнамамен сіз осы жерде таныса аласыз.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»
мемлекеттік мекемесінің ақпараты бойынша)