Жемқорлықпен күресті өзіңнен баста! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жемқорлықпен күресті өзіңнен баста!
21 октября 2020

Жемқорлықпен күресті өзіңнен баста!

2020 жылдың 20 қазанында ZOOM платформасында «Адамның ар-ождан критерийлері» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинар жұмысына ИнЕУ-дің 100-ге жуық студенті қатысты.

 


Облыстық ақпараттық-ағарту бөлімінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы мониторингтік топтың мүшесі, Павлодар қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Еркеғали Жұмабайұлы Жанғазы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін мемлекет қабылдайтын стратегиялар мен шаралар туралы, басқа елдердің мысалы, адамның ар-ождан өлшемдері туралы айтып, кездесу барысында туындаған студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.

   

  

Еркеғали Жұмабайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзінен бастауға: қоғамның лайықты мүшесі болуға, пара бермеуге және пара алмауға және айналасындағыларды осыған шақыруға кеңес берді. Студенттер үшін парасаттылыққа апаратын алғашқы қадам-емтихандарды шпаргалкасыз тапсыру.

ИнЕУ баспасөз қызметі

ИнЕУ туралы көбірек біліңіз:
  • ИнЕУ IQAA-Ranking Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде
  • ИнЕУ студенттік жеңістер шежіресі
  • ИнЕУ «Атамекен» рейтингінде
  • ИнЕУ туралы серіктестердің пікірлері

Чат-бот