Инновациялық Еуразия университетінде «Таза сессия» акциясы басталды. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Инновациялық Еуразия университетінде «Таза сессия» акциясы басталды.
23 декабря 2020

Инновациялық Еуразия университетінде «Таза сессия» акциясы басталды.

Акцияның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ашықтықты қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тиімді және пәрменді алдын алуға бағытталған шараларды нығайту, сондай-ақ университет беделіне нұқсан келтіру қаупі ретінде кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, қабылдамау, кінәраттау және айыптау бойынша университетте моральдық-психологиялық, адамгершілік ахуал жасау болып табылады.


Студенттер, магистранттар мен докторанттар емтихан сессиясын өткізу ережелерін бұзу фактілері және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер туралы 67-30-52 (ішкі байланыс 243) сенім телефоны арқылы хабарлай алады. Екі корпуста орналасқан «шағымдар мен ұсыныстар жәшіктері» арқылы жазбаша түрде поштаға өтініш жазу prof@ineu.kz сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы штабқа жүгінуге болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаб Ломов көшесі, 45, 102-каб. мекенжайы бойынша орналасқан.

ИнЕУ баспасөз қызметі