Құрметті әріптестер, студенттер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы мамырдағы №174 бұйрығымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді.
Стандарт жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында әзірленген. Онда ЖОО-да ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз етудің негізгі принциптері егжей-тегжейлі сипатталған, парасаттылық мәдениеті, ЖОО-ның корпоративтік ашықтығы сияқты ұғымдар түсіндірілді.
Стандарттың толық мәтінімен Сіз біздің сайтымыздың жергілікті порталынан немесе //ineu.edu.kz/index.php?do=download&id=1196 сілтемесі бойынша таныса аласыз.
ИнЕУ баспасөз қызметі