ИнЕУ оқытушылары оқушыларға үлкен бизнеске жылдам бастау туралы қызықты айтып берді.
ИнЕУ оқытушылары оқушыларға үлкен бизнеске жылдам бастау туралы қызықты айтып берді. Олардың шеберлік сабағы Павлодар қаласының оқу-өндірістік комбинатында өтті. Қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары және олардың оқытушылары қатысты.
ИнЕУ ғалым-оқытушылары, экономика ғылымдарының кандидаттары – профессор Сергей Беспалый және доцент Людмила Давиденко балаларға біздің ЖОО-да табысты студенттер үлгісінде өздерінің шығармашылық, ғылыми және кәсіпкерлік қабілеттері мен идеяларын қалай іске асыру керектігі туралы айтып берді.
Тыңдаушыларды стартап-жобаларды дамыту, бизнес-идеяларды генерациялау, жастар ғылымын, кәсіпкерлікті қолдау және біздің университет ұсынатын басқа да көптеген мүмкіндіктер қызықтырды.
Кездесу тез өтті. Біздің оқытушылар ОӨК-де мұғалімдермен және оқушылармен тағы да кездесуге келісті және №42 мектепке баруға шақыру алды. Балаларды ИнЕУ-де оқытылатын IT, инженерия, биотехнология мамандықтары қызықтырды.
Сергей Беспалый атап өткендей: «Ынтымақтастықты жалғастыру және нығайту қажет! Балалардың университеттерде оқуын жалғастыруға қызығушылық танытқаны өте жақсы!»
Профессор Сергей Беспалый мен доцент Людмила Давиденконың материалдарынан.