Ақерке Абылайханды ИнЕУ Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!
Сіздің жетекші ретіндегі бай тәжірибеңіз мен заманауи менеджмент бойынша біліміңіз университетті еліміздің алдағы қатардағы жоғарғы оқу орындарына шығаруға көмектеседі деп үміттенеміз!
Ақерке Абылайхан - PhD докторы-химия ғылымдарының кандидаты (философия докторы) және PhD докторы - жаратылыстану ғылымдарының докторы (Герман жүйесі бойынша). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.⠀⠀
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ:
⠀
- 1976 жылы ШҚО Арқат ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1997 жылы Семей пединститутын бітірді - биология және химия мұғалімі. Білімін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – де, кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Хемниц техникалық университетінде (Германия) жалғастырды.
- Еңбек жолын «Семей» мемлекеттік университетінің стажер-оқытушысы болып бастаған».
- 2006 жылдан бастап 12 жыл ҚР БҒМ басшылық қызметтерінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Хемниц техникалық университетінің (Германия) ғылыми қызметкері.
- Шымкент және Өскемен білім басқармаларын басқарды.
- 2016 жылы ГФР-дың «дуалды білім беру» үкіметтік білім беру бағдарламасына (Кельн және Берлин) және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар семинарына (Сеул) қатысты.
- 2018 ж.-білім беру мәселелері бойынша «Әйелдер – БҰҰ» ғылыми кеңесшісі.
ИнЕУ баспасөз қызметі