Интеллектуалдарға Карантин кедергі емес! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Интеллектуалдарға Карантин кедергі емес!
11 мая 2021

Интеллектуалдарға Карантин кедергі емес!

«Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының студенттері «Информатика» әні бойынша жыл сайынғы ашық халықаралық студенттік Интернет-олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Ташланов Антон екінші орын алып, күміс медальмен марапатталды.


Интернет-олимпиаданың екінші кезеңіне Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Словения ЖОО-ларының 124 ЖОО-нан және филиалдарынан 539 студент қатысты.

Қатысушылар арасында ИнЕУ студенттері, «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқушылары Пугач Дмитрий Вадимович, Сидоренко Иван Викторович, Федкевич Максим Сергеевич, Ташланов Антон Александрович болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Олимпиада жеңімпазын, қатысушыларын және жетекшісі «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының, аға оқытушысы Ли Оксана Сергеевнаны олардың нәтижелерін жоғары бағалаумен құттықтаймыз, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

  

  

ИнЕУ баспасөз қызметі

(«Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Л. А. Шоклеваның ақпаратына сәйкес)

Чат-бот