Пандемия эрудиттерге кедергі емес! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Пандемия эрудиттерге кедергі емес!
30 ноября 2020

Пандемия эрудиттерге кедергі емес!

«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының студенттері «Экология» пәні бойынша Ашық Халықаралық студенттік интернет-олимпиадаға, «Эрудиттер-2020» халықаралық олимпиадасына қатысып, сертификаттармен марапатталды.


Жыл сайын Йошкар-Олада ашық халықаралық пәндік интернет-олимпиада өтеді, оған «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының студенттері қатысады.

Биылғы жылы «Экология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Бисенев Алимхан, Евлоев Хамит және Жусупекова Карина жақсы нәтижелер көрсетті.

2008 жылдан бастап «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының студенттері «Эрудиттер» халықаралық интернет олимпиадасына қатысады. 2020 жылы коронавирустық пандемияға байланысты бүкіл команда жинала алмады, бірақ соған қарамастан команда Олимпиадаға толық емес құрамда қатысып, жоғарғы лигада қалды.

  

  

Студенттерімізді және «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы - Матвеева Наталья Ильиничнаны сертификаттар алуымен құттықтаймыз және алдағы олимпиадаларда жақсы нәтижелер көрсетуді тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі

(«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының
аға оқытушысы Н.И. Матвееваның ақпараты бойынша)