Жылу энергетикасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға табысты қатысуыңызбен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жылу энергетикасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға табысты қатысуыңызбен құттықтаймыз!
20 января 2021

Жылу энергетикасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға табысты қатысуыңызбен құттықтаймыз!

2020 жылдың 11 желтоқсанында «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ-та жылу энергетикасы бойынша Республикалық пәндік онлайн олимпиада өтті. ИнЕУ «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының студенттері 4 орынды иеленді.


Олимпиада қорытындысы бойынша 4 орынды «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс студенттері Брусенко Юлия және Оспанова Айжан алды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қатысушылардан басқа, ЖОО командасының олимпиадаға қатысқаны және студенттердің жоғары дайындығы үшін сертификаттармен Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Евгений Борисович Никитин, сондай-ақ команда басшылары Асқар Токишевич Жұмағажинов және Анжела Петровна Плевако марапатталды.

  

  

 

Жеңімпаздар мен топ жетекшілерін олардың нәтижелерін жоғары бағалаумен құттықтаймыз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі
А.Д. Өмірзақованың ақпараты бойынша)