ИнЕУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
17 марта 2021

ИнЕУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Евгений Никитин ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында тікелей эфир өткізді. Эфир «Antikor live» облыстық акциясы аясында ИнЕУ-дің Instagram-дағы ресми парақшасында өтті.


Евгений Борисович ИнЕУ академиялық адал университет болғанын және болып қала беретінін, кез-келген түрдегі барлық сыбайлас жемқорлық көріністерімен үнемі күресіп жүргенін айтты. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінде онымен күресу шараларының жалпы күшеюіне байланысты ректор барлық оқытушыларға, қызметкерлерге және студенттерге сөз сөйлеп, Академиялық адалдық Кодексі мен корпоративтік мәдениет кодексін қатаң, бұлжытпай сақтау қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ, Евгений Борисович университетте оның басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаб бар екенін еске салды, онда студенттер, магистранттар мен докторанттар сессияны өткізу ережелерін бұзу және басқа да заңсыз әрекеттер туралы хабарлай алады. Мұны бірнеше жолмен жасауға болады: сенім телефоны арқылы, жазбаша түрде сенім жәшігі арқылы, электрондық поштаға хат жолдау немесе Ломов 45, 107 кабинет мекенжайы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы штабқа тікелей жүгіну.
ИнЕУ сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі ашық қолжетімділікте орналасқан, онда ИнЕУ Академиялық адалдық Кодексімен, корпоративтік этика Кодексімен, ИнЕУ-дің 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен және университеттің басқа да нормативтік құжаттарымен танысуға, Бос гранттар, жатақханалар, қаржылық есептілік туралы ақпарат алуға, сондай-ақ ИнЕУ-дің сыбайлас жемқорлыққа қарсы штабына жүгіну үшін байланыс деректерін табуға болады.
Эфир соңында ИнЕУ ректоры студенттерге: «Онсыз жеке өсу мүмкін болмайтын,сапалы білімді, әділетсіз жолмен алу мүмкін емес», - деді.

ЖР - 404 тобының студенті
Малика Бекболат

Чат-бот