Ақерке Абылайханды ИнЕУ Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Ақерке Абылайханды ИнЕУ Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!
21 мая 2021

Ақерке Абылайханды ИнЕУ Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!

Сіздің жетекші ретіндегі бай тәжірибеңіз мен заманауи менеджмент бойынша біліміңіз университетті еліміздің алдағы қатардағы жоғарғы оқу орындарына шығаруға көмектеседі деп үміттенеміз!


Ақерке Абылайхан - PhD докторы-химия ғылымдарының кандидаты (философия докторы) және PhD докторы - жаратылыстану ғылымдарының докторы (Герман жүйесі бойынша). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.⠀

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ:

  • 1976 жылы ШҚО Арқат ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1997 жылы Семей пединститутын бітірді - биология және химия мұғалімі. Білімін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – де, кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Хемниц техникалық университетінде (Германия) жалғастырды.
  • Еңбек жолын «Семей» мемлекеттік университетінің стажер-оқытушысы болып бастаған».
  • 2006 жылдан бастап 12 жыл ҚР БҒМ басшылық қызметтерінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Хемниц техникалық университетінің (Германия) ғылыми қызметкері.
  • Шымкент және Өскемен білім басқармаларын басқарды.
  • 2016 жылы ГФР-дың «дуалды білім беру» үкіметтік білім беру бағдарламасына (Кельн және Берлин) және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар семинарына (Сеул) қатысты.
  • 2018 ж.-білім беру мәселелері бойынша «Әйелдер – БҰҰ» ғылыми кеңесшісі.

ИнЕУ баспасөз қызметі