Студенттік пәндік олимпиададағы жеңісіңмен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Студенттік пәндік олимпиададағы жеңісіңмен құттықтаймыз!
04 марта 2021

Студенттік пәндік олимпиададағы жеңісіңмен құттықтаймыз!

2021 жылғы 24 ақпанда «Құқық» кафедрасында студенттік пәндік олимпиаданың ЖОО ішіндегі туры өтті. Олимпиадаға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.


Студенттер түрлі заң бағыттары бойынша тест тапсырмалары мен кейс тапсырмаларын шешуде сайысқа түсті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша абсолютті жеңімпаз Ю-302 тобының студенті Хамзина Ақмарал, екінші орынды Ю-302 тобының студенті Казкенова Камила, үшінші орынды Ю-402 тобының студенті Токсамбаева Роза иеленді. 

     

  

Жеңімпаздарды олардың нәтижелерін жоғары бағалаумен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар, жемісті қызмет және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Құқық» кафедрасының оқытушысы Мұхаметқаиров Арсланбек Ерболатұлының ақпараты бойынша)