Пандемия зиялы қауымға кедергі емес!
2021 жылдың 24 ақпанында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасында студенттік пәндік олимпиаданың ЖОО ішіндегі туры өтті. Олимпиадаға «Ветеринарлық санитария», «Биология», «Биотехнология», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Тапсырмалар студенттердің кешенді сипаттағы тест тапсырмаларын орындауын және кейстерді шешуін қарастырды. Келе алмаған студенттер олимпиадаға ZOOM платформасының көмегімен қашықтықтан қатысып, аудиториямен үнемі байланыста болды. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері т.ғ.к. Т. А. Назаренко және аға оқытушы Х. Х. Рафикова студенттерді құттықтап, оларға әртүрлі білім саласындағы үздіктерді анықтауға мүмкіндік беретін оқу мен олимпиадада табыс тіледі. Өз кезегінде, олимпиадаға қатысушылар университетке, кафедраға келіп, оқытушылармен кездесуге, пандемия жағдайында жеткіліксіз болатын сыныптастарымен қарым-қатынаста болу мүмкіндіктеріне қуанышты екендіктерін айтты.
Олимпиаданың нәтижелері бойынша «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасының студенттері Михайлова Татьяна мен Бакриденова Айжан, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері Бассауер Сергей және «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері Каверина Юлия мен Сәлімхан Айслу жүлдегерлер атанды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессоры
Л. С. Комардинаның ақпараты бойынша)