Пандемия жағдайында кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Пандемия жағдайында кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда!
22 февраля 2021

Пандемия жағдайында кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда!

«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының кәсіби бағдар берушісі Матвеева Наталья Ильинична және «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының кәсіби бағдар берушісі Матвеев Виктор Дмитриевич №24,11,27 мектеп түлектерімен кездесті.


Сондай-ақ, №33 ЖОМ оқушыларымен «Foundation» факультетінің маманы Оразбекова Айгерим Алтынбековна кездесу өткізді. Ол түлектердің сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, биология бойынша қысқаша, өте қызықты кеңес берді.

Өткен жылдан бастап пандемияға байланысты мектептерде күндізгі сабақтар тоқтатылды, осыған байланысты жоғары оқу орындарының оқытушылары бұрынғыдай кәсіптік бағдарлау жұмысы үшін түлектермен кездесе алмады. Бірақ интернет ғасырында бұл проблема болмады: өткен жылдан бастап кездесулер ZOOM конференциялары арқылы ұйымдастырыла бастады.

Кестеге сәйкес ИнЕУ оқытушы- кәсіби бағдар берушілері онлайн шығып, ҰБТ форматындағы өзгерістер, ЖОО-ға қабылдау ерекшеліктері, коронавирус кезеңінде қашықтықтан білім беру ерекшеліктері, университет ұсынатын жеңілдіктер, жұмысқа орналасу перспективалары туралы әңгімелейді, сондай-ақ бейінді пәндерді таңдау мәселелері бойынша консультация береді, медициналық ЖОО-ға емтиханды қалай және қайда тапсыру керектігін, шығармашылық мамандықтарға қалай түсу керектігін түсіндіреді. Бұл сұрақтар тек түлектерді ғана емес, сондай ақ олардың ата-аналарын да алаңдатады. Сондықтан Инновациялық Еуразия университетінің оқытушылары кәсіптік бағдар беру кездесулерінде түлектерге мүмкіндігінше көп ақпарат беруге тырысады. 

ИнЕУ баспасөз қызметі

(«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының кәсіби бағдар берушісі

Н.И. Матвеева

және «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының кәсіби бағдаршысы В.Д. Матвеевтің ақпараты бойынша)