Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасуда! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасуда!
19 ноября 2020

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасуда!

2020 жылдың қазан-қараша айларында Инженерлік-технологиялық факультетінің оқытушылары ZOOM платформасында мектеп және колледж түлектеріне арналған онлайн кездесулер сериясын өткізді.


«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары Павлодар технологиялық колледжі мен Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері арасында, ал «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының оқытушылары Электроника және коммуникациялар жоғары колледжі мен Павлодар техникалық сервис колледжінің студенттері арасында кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ екі кафедраның педагогтары №11, 17 және 33 жалпы орта білім беретін мектептердің түлектерімен кездесті.

Түлектерді 2021 жылы оқуға түсу ережелері, коронавирус жағдайында қашықтықтан білім алу ерекшеліктері, ҰБТ-ның жаңа форматы, университет ұсынатын шегерімдер мен жеңілдіктер қызықтырды.

  

  

Кәсіби бағдар беретін оқытушылар түлектермен әңгімелесті, олардың болашаққа жоспарлары туралы білді, ЖОО-ға қабылдау ерекшеліктері, жұмысқа орналасу перспективалары және академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы айтып берді, оқуға түсу бойынша ұсыныстар берді және барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді. 

ИнЕУ баспасөз қызметі

(«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы
Н.И. Матвееванің ақпараты бойынша)