ИнЕУ-де кәсіби бағдар беру жұмысы! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-де кәсіби бағдар беру жұмысы!
09 ноября 2020

ИнЕУ-де кәсіби бағдар беру жұмысы!

2020 жылдың 19-23 қазан аралығында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының оқытушылары Павлодар қаласының №21, 29 және 35 мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен онлайн кездесулер өткізді.


Құрамында профессор Л.С. Комардина, доцент М. М. Омаров, оқытушылар А. Ж. Бейсембай, А. Т. Тулеубаева және А. С. Жұмаділова бар оқытушылардың Онлайн–десанты «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы айтып, оқушыларға оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдауда кәсіби бағдарлы қолдау көрсетті.

  

  

Кездесуге қабылдау комиссиясының хатшысы А.Оразбекова және маркетолог к. Абылай қатысып, презентациялар мен бейнероликтердің көмегімен оқушыларға ҰБТ-ның жаңа форматы, ЖОО-ға қабылдау ерекшеліктері, университет ұсынатын жеңілдіктер мен шегерімдер, жұмысқа орналасу перспективалары, академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы айтып берді.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(АШжБР кафедрасының оқытушысы А.С. Жұмаділованың ақпараты бойынша)