ИнЕУ-дің «Қазстандарт» РМК ПФ-мен ынтымақтастығы » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-дің «Қазстандарт» РМК ПФ-мен ынтымақтастығы
03 февраля 2021

ИнЕУ-дің «Қазстандарт» РМК ПФ-мен ынтымақтастығы

ИнЕУ басшылығы «Қазстандарт» РМК Павлодар филиалымен 2021 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті.


2021 жылғы 3 ақпанда өткен ZOOM-конференцияда тараптар «Қазстандарт» РМК ПФ-пен мыналар жайлы келісті:

  • «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының оқытушыларын стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері бойынша оқытады;
  • ИнЕУ студенттерін өндірістік, дипломалды және ғылыми-зерттеу практикасына қабылдайды;
  • бос орындар жәрмеңкесіне және бейінді конференцияларға қатысады;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарында кеңес береді;
  • дипломдық жобаларды рецензиялауға көмектеседі.


ИнЕУ-дің «Қазстандарт» РМК-мен ынтымақтастығы жемісті және өзара тиімді болады деп үміттенеміз!

Ескертпе: «Қазстандарт» РМК ПФ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Павлодар филиалы.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот