ИнЕУ өндірістік байланыстарды нығайтады » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ өндірістік байланыстарды нығайтады
15 января 2021

ИнЕУ өндірістік байланыстарды нығайтады

2021 жылғы 14 қаңтарда Инновациялық Еуразия университетінде ИнЕУ басшылығының «Қазақстан Алюминийі» АҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.


Іс-шараға ИнЕУ ректоры Е. Б. Никитин, колледж директоры Ш. А. Таженов және директордың орынбасары Л.В. Кармишина, кадрлар жөніндегі үйлестіруші Г. Д. Абикеева және «Қазақстан Алюминийі» АҚ персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі операциялық директоры Д.В. Павлов қатысты.

Кездесу барысында ИнЕУ студенттерінің өндірістік практикасын ұйымдастыру, оларды жұмысқа орналастыру және басқа да бірқатар бағыттар мәселелері талқыланды.

ERG өкілдері үшін университеттің материалдық базасы нысандарына экскурсия ұйымдастырылып, университеттің даму бағдарламасымен танысу ұйымдастырылды.

Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы уағдаласты.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот