ИнЕУ түлегі студенттерге менеджмент, стандарттау және сертификаттау туралы айтып берді » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ түлегі студенттерге менеджмент, стандарттау және сертификаттау туралы айтып берді
07 декабря 2020

ИнЕУ түлегі студенттерге менеджмент, стандарттау және сертификаттау туралы айтып берді

2020 жылдың 7 желтоқсанында ИнЕУ-дің Instagram-дағы ресми парақшасында ИнЕУ-дің «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының түлегі, «Рубиком» кәсіпорны ЖШС менеджмент жүйелері бөлімінің бастығы Витковская Екатерина Михайловнамен тікелей эфир өтті.


«Менеджмент, стандарттау және сертификаттау» тікелей эфирінің ұйымдастырушылары маркетинг бөлімі мен «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының мамандары болды. ИнЕУ студенттерінен басқа, ЖОО-да оқуын жалғастыруды жоспарлаған «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша ИнЕУ, ЭКИнЕУ және Павлодар гуманитарлық колледжінің түлектері тікелей эфирде қатысты.

Түлек «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесімен бөлісіп, осы бағыттағы маманның жұмысы немен аяқталатынын, мансаптық өсудің қандай перспективалары бар екенін, Павлодар облысында менеджмент жүйесі қалай дамып жатқанын егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, Екатерина Михайловна студенттермен өзінің сәттілік тарихымен бөлісіп, барлық сұрақтарға жауап берді.
Кездесу қызықты, шабыттандыратын және ынталандыратын болды. Университетпен байланысты жоғалтпайтын және осындай кездесулерге уақыт бөлетін ИнЕУ түлектеріне алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ іс-шараға белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін студенттер мен колледж түлектеріне алғысымызды білдіреміз.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(кәсіби бағдар беруші, «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының оқытушысы В. Д. Матвеевтің ақпараты бойынша)