Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көркем байқаудың қорытындысы
ИнЕУ-де Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көркем байқаудың қорытындысы шығарылды. Оған Инновациялық Еуразия университеті консорциумының 20-дан астам студенттері мен оқытушылары қатысты.
23 қараша мен 10 желтоқсан аралығында олар байқауға ұлы ақын мен ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған өз жұмыстарын ұсынды.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тақырыпқа сәйкестігі, жаңа авторлық техника және тақырыпты қабылдау жаңалығы бойынша бағалады. Барлық қатысушылар сертификаттар алды.
Номинациялар бойынша жұмыстар үздік деп танылды:
● «Абайдың портреті» - Динара Мажит, Аяулым Жамиева;
● «Абай Қазақ ұлттық мәдениеті контексінде» - Надежда Волкова, Милана Денисюк;
● «Абай өлеңдеріне иллюстрациялар» - Адина Зарлык, Милена Саворовская.
Байқау жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды. Олардың жұмыстары университеттің әдістемелік, ақпараттық басылымдары мен жарнамаларында қолданылады.
Байқау ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейді!
ИнЕУ баспасөз қызметі