Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көркемсурет байқауына жұмыстарды қабылдау басталды » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көркемсурет байқауына жұмыстарды қабылдау басталды
08 ноября 2020

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көркемсурет байқауына жұмыстарды қабылдау басталды


ИнЕУ консорциумының студенттері мен оқытушыларын қатысуға шақырамыз. Конкурс жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады!

Сурет салыңыз және номинацияларға қатысыңыз:

  • Абайдың портреті;
  • Абай өлеңдеріне иллюстрациялар;
  • Абай Қазақ ұлттық мәдениеті контексінде;
  • Ұлы ақынның өмір тарихы.

 
Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

  • жұмыс форматы А4-тен кем емес және А2-ден артық емес;
  • акварель, акрил, графикалық материалдар: пастель, тушь, түрлі-түсті қарындаштар;
  • жұмыста аты-жөні, жасы, мамандығы, тобы, жұмыс атауы, техникасы және орындалған жылы (парақтың артқы жағында) болуы керек.


Байқау 2020 жылдың 23 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін өткізіледі.⠀

Жұмыстарды электронды түрде e-mail-ге жіберу қажет: abai175@ineu.kz

Ұйымдастыру комитетінің телефоны: +7 778 230 27 41

Инновациялық Еуразия университеті корсорциумының студенттері мен оқытушылары арасында өткізілетін, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстар конкурсы туралы ереже

Ескертпе: Жұмыстардың түпнұсқалары ұйымдастыру комитетіне ұсынылады. Жеңімпаздардың жұмыстары одан әрі конкурсты, университетті жарнамалау үшін, әдістемелік және ақпараттық басылымдарда, сыртқы жарнама тасығыштарда, полиграфиялық өнімде пайдаланылуы мүмкін.

ИнЕУ баспасөз қызметі