Құрметті студенттер! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Құрметті студенттер!
30 ноября 2020

Құрметті студенттер!

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Абайдың 175 жылдығына арналған «Әл-Фараби және Абай: ұлы тұлғалар үндестігі» атты философиялық эссе байқауына өтінімдер қабылдау басталды.

Қатысушылар Әл-Фараби мен Абайдың ең маңызды идеяларын ұсынатын тақырып бойынша таңдау үшін философиялық эссе дайындауы қажет.

Конкурс 2020 жылғы 1-12 желтоқсан аралығында өткізіледі. Қорытынды 2020 жылдың 20 желтоқсанында шығарылады.

Байқау қорытындысы бойынша үш жүлделі орын иегерлері анықталады. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Эссені конкурсқа қабылдау электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады abdrahilovadilnoz@gmail.com «Эссе байқауы» белгісімен. Барлық сұрақтар бойынша 8-707-467-42-27 телефонына хабарласуға болады.

Байқау студенттердің ұлы ұлттық ойшылдардың философиялық мұрасын игеру, олардың философиялық ойлауын қалыптастыру және дамыту, жеке тұлғаның рухани даму проблемаларына қатысты жеке ұстанымын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

ИнЕУ баспасөз қызметі

(ИнЕУ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» жастар қанаты төрағасының ақпараты бойынша)