«Жаңа гуманитарлық білім» жобасын іске асыру. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Жаңа гуманитарлық білім» жобасын іске асыру. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
03 декабря 2020

«Жаңа гуманитарлық білім» жобасын іске асыру. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

27 қараша 2020 ж. ИнЕУ Ғылыми кітапханасының библиографы М.Е. Амренова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына арналған онлайн-іс-шараға қатысты


№26 ЖОМ ұйымдастырылған кездесуге «Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының» әдіскері Ж.А. Муталипова, «Өрлеу» мұғалімдер біліктілігін арттыру институты мұражайының бас маманы А.Р. Жунусова, оқу бөлімінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.К. Байгабулова, тарих пәнінің мұғалімі А.С. Шахметова және ұйымдастырушы мектептің 10-11 сынып оқушылары шақырылды.

«Қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық әлемінде» кітап дефилесі» атты кітаптардың тұсаукесері өтті. Оқушыларға ғылымды нығайтуға және қазақстандық жоғары білім беруді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілін дамытуға, Кембридж, Оксфорд, Гарвард университеттерінің студенттері оқитын оқулықтарды аударуға және басып шығаруға қандай үлес қосатыны туралы айтылды. Майгүл Ескенқызы өз кезегінде әріптестеріне және оқушыларға Инновациялық Еуразия университетінің Ғылыми кітапханасында рәсімделген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аттыкітап көрмесі жайында баяндады. Көрме әлемдік бестселлерлермен үнемі толықтырылып отырады және оқулықтар оқу процесінде белсенді қолданылады.

Оқулықтардың барлық электрондық нұсқаларымен «Қазақстанның ашық университеті» порталында таныса аласыз www.OpenU.kz.


ИнЕУ баспасөз қызметі
(ИнЕУ Ғылыми кітапханасының библиографы М. Е. Амренованың ақпараты бойынша)

Чат-бот