Құрметті студенттер!
ИнЕУ ғылыми кітапханасының қоры «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық қазақ тілінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыт аясы бойынша, 30 атақ әлемдік бестселлерлерімен тағы толықтырылды.
Жаңа оқулықтар тарихи антропология, микроэкономика, этика және эстетика, зияткерлік меншік құқығы, әдебиет және лингвистика теориясы, құқықтану, театр өнері және музыка саласындағы көптеген білімдерді қамтиды.
Алынған кітаптардың ішінде «Тарихи этнология», «Тарихи білім тарихы», «Микроэкономика», «Білім берудегі зерттеулер», «Эстетика», «Тарихи антропология», «Теледидар, радио және жаңа медиаға мәтін жазу», «Азаматтық іс жүргізу» , «Этика» және т.б.
Оқулық мәтіндері бірнеше рет әдеби және ғылыми редакциядан өтті.
Жалпы, 2018 жылдан бастап 84 оқулық атауы алынды. Электрондық нұсқалары «Қазақстанның ашық университеті» порталына www.OpenU.kz қосылды.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(ИнЕУ-дің ғылыми кітапханасының ақпараты бойынша)