ИнЕУ-де «Global Entrepreneurship Week» қорытындысы шығарылды
2020 жылғы 25-27 қараша аралығында ИнЕУ-де Дүниежүзілік кәсіпкерлік апталығы - Global Entrepreneurship Week (GEW) өтті. Үш күн бойы кездесуге келген қатысушылар спикерлердің сөздерін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.
Спикер ретінде сөз сөйлегендер Ксения Южанинова-Караденизли – Алматы Менеджмент Университетінің кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің атқарушы директоры (Алматы қ.), Нұрбек Қайролла-сериялық кәсіпкер, ИнЕУ түлегі, «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының амбассадоры (Павлодар қ.), Мират Ахмедсадықов, Central Asian Angel Investors Club негізін қалаушы, Орталық-Азиялық бизнес періштелер клубы мен MOST венчурлық қорының басқарушы серіктесі (Алматы қ.), Марина Фисун-кәсіпкер, психология магистрі, МВА, «Мост Успеха» бағдарламасының авторы (Павлодар қ.), Ардақ Балғожин – Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары (Павлодар қ.) және Анар Сәрсенова-сертификатталған бизнес жаттықтырушы, бизнесті дамыту жөніндегі кеңесші, «Эксперт бизнес» консалтингтік компаниясының негізін қалаушы, «Атамекен» ҰКП «Бастау Бизнес» жобасының жетекшісі (Шымкент қ.).
Бірінші күні тыңдаушылар «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасына қандай жоғары оқу орындары мен колледждер кіретінін және олар қандай білім беру жобаларына қатыса алатынын білді. Нұрбек Қайролла оған өзінің ЖОО қабырғасында алған кәсіпкерлік білімі не бергенін және ел Президентімен кездескенін айтты.
Екінші күнгі іс-шараға 50-ден астам қатысушы жиналды. Мират Ахмедсадықов менторды қайдан табуға болатынын және кім бизнес періште бола алатынын айтты. «Табыс көпірі» бағдарламасының авторы Марина Фисун тыңдаушыларды шабыттандырып, бастаушы стартаперлерге тәжірибелік кеңестер берді.
Соңғы күні кездесуге қатысушылар Ардақ Балғожиннің «Protecting business and investments» жобасы туралы білді. Анара Сәрсенованың питчі маңызды болды, ол өзінің кәсіпкерлік қызметтегі білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, бизнестегі заманауи трендтер туралы әңгімеледі.
Бұл үш қызықты күн болды, кездесуге қатысушылар болашақта пайдалы болатын көптеген пайдалы ақпарат, әсер және жаңа байланыстар алды.
Осы іс – шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларды конкурс күтуде ИнЕУ-дің Instagram-дағы ресми парақшасында жаңалықтарды қадағалап отырыңыз.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығының директоры З. К. Смағұлованың ақпараты бойынша)