Құрметті ИнЕУ-дің 1 және 2 курс студенттері! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Құрметті ИнЕУ-дің 1 және 2 курс студенттері!
20 октября 2020

Құрметті ИнЕУ-дің 1 және 2 курс студенттері!

 
Сіздерге ERG компаниясының «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы бойынша күзгі семестр кезеңінде (2020 жылдың қазан – желтоқсан айлары) «Кәсіпкерлікке кіріспе» пәні бойынша оқудан өтудің бірегей мүмкіндігі беріледі.

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқыту ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде Алматы Менеджмент Университетінің кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің көшбасшысы, сертификатталған бизнес-трекер, Henley Business School – дағы зерттеуші және оқытушы, отбасылық бизнес және стратегия саласындағы зерттеуші Данияр Медетовтың бағдарламасы спикер болады.

Курсты аяқтағаннан кейін және үй тапсырмасын орындағаннан кейін сіздер академиялық транскрипт аласыздар және осы пәнді оқу орнында қайта тапсырасыздар.

Оқу курсына жазылу dir_crpi@ineu.kz және What’s app +7 701 730 5411 электрондық поштасы арқылы немесе What ' s app +7 701 730 5411 кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығының директоры Смағұлова Зубираш Қалыбекқызы арқылы жүзеге асырылады.

Сіздердің деректеріңіз қажет болады:

  1. Толық аты-жөніңіз;
  2. Ата-ананың немесе қамқоршының аты-жөні (кәмелетке толмағандар үшін);
  3. Электрондық мекен-жайы, ұялы телефон нөмірі;
  4. Жеке куәліктің немесе ЖСН скан нұсқасы (кәмелетке толмағандар үшін);
  5. Мамандығы, курсы.


Өтінімдер 2020 жылдың 21 қазанына дейін қабылданады.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(Алматы Менеджмент Университетінің
кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің ақпараты бойынша)