ТЖ кезінде халыққа көмек көрсетуге ИнЕУ үлесі » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ТЖ кезінде халыққа көмек көрсетуге ИнЕУ үлесі
06 августа 2020

ТЖ кезінде халыққа көмек көрсетуге ИнЕУ үлесі

ИнЕУ мен Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы арасында «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар облыстық филиалының ТЖ кезінде зардап шеккен халыққа алғашқы көмек көрсетудегі әлеуетін арттыру, сондай-ақ нұсқаушылардың облыстық волонтерлік командасын дайындау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының бірінің жанынан тренингтік орталық құру» жобасы аясында Келісімге қол қойылды.


Бұл жоба «Бірге» ҚҚ және Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Келісім ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға халықты дайындау және оқыту, алғашқы көмек көрсету, салауатты өмір салты нормаларын насихаттау; халықтың әртүрлі санаттары арасында Медициналық және санитарлық-гигиеналық білімді тарату және оларды қоғамның мейірімді қызметіне тарту саласында ынтымақтастық орнатуға және Тараптардың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот