ИнЕУ оқытушылары Қазақстан Конституциясының 30 жылдығын және Жұмысшы мамандықтар жылы мерекелеу аясында "Әр дауыс маңызды" сұхбат алаңына қатысты
Бүгін Инновациялық Еуразия университетінің оқытушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің мүшелері «Әр дауыс маңызды» диалог алаңына белсене қатысып, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшылар мамандықтар жылы аясында өткен шарада өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара барысында Конституциялық принциптер, азаматтардың құқықтары, сондай-ақ білім беру мен еңбек нарығының өзара байланысы сияқты құқықтық және әлеуметтік аспектілер қаралды.
Мамандықтар мәртебесін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл адам капиталының дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің орнықты дамуы үшін де маңызды қадам болып табылады.
Диалог барысында қатысушылар жастардың бастамаларының кәсіби саладағы инновациялық тәсілдерді қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ ғылыми қауымдастық пен жастар ұйымдарының интеграциясы арқылы ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру және елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі туралы пікірлерін білдірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты жастарды Конституцияның негізгі құндылықтарына баулу, құқықтық және әлеуметтік мәселелерді талқылау, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының ел дамуына қосқан үлесін насихаттау.
Қазақстан Республикасының Президенті жастардың әлеуетін дамыту және олардың елдің дамуындағы рөлін ерекше атап өтеді. Өз сөздерінде Мемлекет басшысы Жастар жылының маңыздылығына тоқталып, оның мақсаты жас буынның кәсіби өсуіне, әлеуметтік белсенділігіне және мемлекеттік кұрылыстың түрлі салаларына қатысуына қолайлы жағдай жасау екенін баса айтты.
Құрметпен, Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің төрайымы Исаева Ж.Б.