Жаратылыстану-математика бағытындағы I қалалық мұғалімдер форумы » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жаратылыстану-математика бағытындағы I қалалық мұғалімдер форумы
29 октября 2021

Жаратылыстану-математика бағытындағы I қалалық мұғалімдер форумы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп 2021 жылғы 27 - 28 қазанда қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдеріне «Заманауи білім берудің функционалдық векторы» атты I қалалық форумы өткізілді.

Форумның пленарлық бөлімі аясында 27 қазанда қала мектептері директорларының қатысуымен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Айтқазина Самал Оспанқызы, ректор Алиясова Анастасия Васильевна, Инновациялық Еуразия университетінің профессоры Бейсенбаев Амангелді Рақышұлы, BTS group басшысы, «Жаңа кәсіптер атласы» жобасын әзірлеуші Саясат Нұрбек, Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы директоры Әшімбетова Роза Дүйсенқызы қатысты.

Диалог алаңы форматында қазіргі заманғы талаптар аясында білім алушылардың жаһандық құзыреттілігін қалыптастырудың өзекті мәселелері, мектеп түлегінің функционалдық сауатты тұлғасын қалыптастырудың негізгі бағыттары, STEM технологияларды енгізу талқыланды, кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіруге арналған «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы таныстырылды.

Форумның 28 қазандағы секциялық отырыстары жаратылыстану-математикалық бағыттағы сабақтарда STEM-тәсілдерді енгізудің, халықаралық зерттеулерде (PISA, TIMSS) контекстік тапсырмаларда және пәндерді пәнаралық интеграциялау арқылы тұжырымдамалық іргелі білімді қолдану кезінде білім алушылардың икемді ойлау дағдыларын дамытудың өзекті мәселелеріне арналды. Секция жұмысында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразия университеті секілді жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары модератор болды.

Форум қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды, оларды іске асыру және жұмыста пайдалану үшін қаланың жалпы білім беретін мектептеріне жіберілетін болады.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот