Қалалық квизде 1 орынды ИнЕУ командасы жеңіп алды » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Қалалық квизде 1 орынды ИнЕУ командасы жеңіп алды
23 сентября 2021

Қалалық квизде 1 орынды ИнЕУ командасы жеңіп алды

Интеллектуалды квиз ойыны-викторинаның бір түрі. Команда мүшелері логика мен эрудицияда бәсекелесе отырып, сұрақтарға біраз уақыт жауап береді.

Ойынды қалалық «Жасыл Ел» штабы ұйымдастырды. Зияткерлік жарысқа Павлодардың екі жоғары оқу орны мен үш колледжінің студенттері – 5 команда қатысты.
Студенттік актив көшбасшыларының жеңімпаздарын құттықтаймыз! Олардың есімдері: Александр Петренко, Александр Куликов, Наталья Лупий, Станислав Канавец, Дарина Ходко.
- Ойын қызықты өтті. Сәл уайымдадық. Бірақ біз жоғары оқу орнымызды лайықты таныстырдық және конкурстың жеңімпаздары атандық. Осындай тамаша іс - шара үшін ұйымдастырушыларға рахмет, - деді Александр Петренко.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот