"Брейн-ринг" зияткерлік ойынының қорытындысы туралы”
ИнЕУ-де "Брейн-ринг"зияткерлік ойыны өтті! Ойынға оқушылар, колледж және ЖОО студенттері қатысты.
Балалар 8 командаға бөлісті. Маңызды шарт - командада 12 адамнан артық болмауы керек.
Бірінші турда қатысушылар өз командаларын бейнеролик-визиткалар арқылы таныстырды, екінші турда кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап берді. Командалар бір минут ішінде "миға шабуыл" әдісімен қойылған сұраққа жауаптарды сәтті іздеді.
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша "Брейн-рингте" 3 - ші орынды "Поколение Смита" командасы, 2-ші орынды "қасқырлар" командасы, ал 1-ші орынды "Фемида" командасы иеленді. Сондай-ақ, "Дармоеды"командасын ынталандыру сыйлығымен марапаттады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және бүгінгі ойынның барлық қатысушыларын ИнЕУ студенттері ретінде көруге үміттенеміз!
Мұнда көп суреттер: https://cloud.mail.ru/public/4Ntu/2gfUi2xU6