Назар аударыңыздар, ИнЕУ студенттері мен қызметкерлері! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Назар аударыңыздар, ИнЕУ студенттері мен қызметкерлері!
29 августа 2021

Назар аударыңыздар, ИнЕУ студенттері мен қызметкерлері!

Оқу жылының басталуы туралы ақпарат.


Бірінші, екінші курс студенттері мен магистранттар үшін оқу жылы 6 қыркүйектен, ал 3,4,5 курс студенттері үшін 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі оффлайн форматта басталады. 1 курс үшін ИнЕУ құрылымдық бөлімшелерімен онлайн-кездесулер ұйымдастырылады. Кездесулер кестесі ИнЕУ сайтында орналастырылады.

Оқу корпустарына кіру Ashyq бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Сканерлеген кезде арнайы QR-коды «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар білім алушылар, сондай-ақ вакцинацияланған педагогтар мен «жасыл» мәртебесі бар қызметкерлер өте алады.

Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті шешімі қабылданған жағдайда біздің ЖОО студенттерді офлайн оқудан онлайн оқытуға көшіру бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлейтін болады.

Жаңа оқу жылында табыс тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі