Құрметті әріптестер, студенттер және серіктестер! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Құрметті әріптестер, студенттер және серіктестер!
18 августа 2021

Құрметті әріптестер, студенттер және серіктестер!

Сіздерді ИнЕУ сайтындағы «Жаз бояулары» фотосуреттерінің онлайн-көрмесіне қатысуға шақырамыз.

Көрме оқу жылының басталуына орайластырылған.


Жаз-тамаша уақыт. Жазда табиғат түрлі түстер мен реңктермен таң қалдырады. Жаз айларында сізде көптеген жарқын шығармашылық жұмыстар жинақталғанына сенімдіміз және оларды ИнЕУ сайтының көрме бетінде бөлісуді ұсынамыз.

Көрмеге қатысу үшін сізге жаз және табиғат тақырыбындағы өз фотосуреттеріңізді webmaster@ineu.kz. электрондық мекен-жайна жіберу қажет. Жұмыстар 1-25 тамыз аралығында қабылданады. Көрме ИнЕУ сайтының жаңалықтарында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ашылады.

Жұмыстардың фотосуреттері JPEG (jpg) форматында ұсынылуы тиіс. Фотосуреттің көлемі 10 мб артық емес.

Жіберілетін файлдың атауында автордың толық аты-жөні келесі ретпен жазылуы керек-Аты, Әкесінің аты (бар болса), Тегі. Егер бірнеше фотосурет ұсынылса, онда тегінен кейін реттік нөмір қойылады.

Хабарламада жұмыс немесе оқу орнын көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздердің жұмыстарыңызды асыға күтеміз!