Анастасия Алиясованы ИнЕУ ректоры лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Анастасия Алиясованы ИнЕУ ректоры лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!
21 мая 2021

Анастасия Алиясованы ИнЕУ ректоры лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!

Біздің университетте жұмыс істеген 14 жыл ішінде сіз өзіңізді еңбекқор, жауапты және шығармашыл маман ретінде көрсете білдіңіз. Сіздің ғылыми бастамаларыңыз ЖОО-ның халықаралық деңгейдегі танымалдығын нығайтты. Ректор лауазымына кірісу сіздің барлық жобаларыңызды толық жүзеге асыруға көмектеседі және университеттің гүлденуіне қызмет етеді деп сенеміз!


Анастасия Алиясова-филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. «STEMulation» жобасының үйлестірушісі. 40 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ:

  • 2003 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ «Орыс тілі, әдебиеті және шет тілі (ағылшын)» мамандығы бойынша бітірді.
  • 2003-2006 ж. Торайғыров-аспирантура. Мамандығы: «тіл теориясы».
  • 2006-2007 ж. - Торайғыров атындағы ПМУ шет тілдер кафедрасының оқытушысы, тілдерді қарқынды оқыту орталығының кіші ғылыми қызметкері.
  • 2007-2012 ж. - Инновациялық Еуразия Университеті-Ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының меңгерушісі.
  • 2012-2020 ж. - Инновациялық Еуразия университеті-ғылыми-ұйымдастыру жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.
  • 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап – Инновациялық Еуразия университеті-бірінші проректор.
  • Британ кеңесінің сарапшысы (2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
  • «Болашақ» мемлекеттік президенттік стипендиясының стипендиаты (2013).
  • ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы (2015).
  • Еуропалық Одақтың ғылыми жобаларды бағалау жөніндегі сараптамалық кеңесінің мүшесі (2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот