Оқуға инновациялар!
ИнЕУ оқытушылары оқу үдерісінде инновациялық білім беру технологияларын қолдану бойынша біліктілікті арттырудың қайталама курстарынан өтті.
Курстар ERASMUS+ бағдарламасының «HiEdTec - Орталық Азиядағы жоғары білімді жаңа технологиялар арқылы жаңғырту» жобасы аясында өтті.
Педагогтар инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша ақпараттық және әдістемелік қолдау алды. Олардың қарамағында Русен университетінің (Болгария) виртуалды кітапханасы болды. Виртуалды кітапханамен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://hiedtec.ecs.uni-ruse.bg/index.php?cmd=cmsPage&pid=38.
Курс қорытындысы бойынша оқытушылар жұмысқа қажетті жаңа білім, Дағдылар, құзыреттіліктер және сертификаттар алды.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы
Төлегенова Ләззат Балтабайқызының ақпараты бойынша)