ИнЕУ оқытушыларын оқу процесінде инновациялық білім беру технологияларын қолдану бойынша біліктілікті арттыру курстарына шақырамыз!
2021 жылғы 25 қаңтар мен 14 ақпан аралығында ERASMUS+ бағдарламасымен қаржыландырылатын «Modernisation of Higher Education in Central Asia through New Technologies» жобасы шеңберінде ИнЕУ инновациялық білім беру технологиялары орталығы жанындағы Инновациялық Еуразия университетінің (Қазақстан) оқытушылары үшін оқу процесінде инновациялық білім беру технологияларын қолдану бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары өтеді.
Сабақтарды HiEdTec жобасының 5 сертификатталған тренерлері өткізеді, барлығы ЖОО-ның 50 оқытушысы қатысады.
Келесі тақырыптар қарастырылады: қашықтықтан оқыту, қашықтықтан оқытудағы жоспарлау және педагогикалық дизайн, қашықтықтан оқытудың педагогикалық моделі, оқытуды басқару жүйесі (lms): moodle платформа, оқу материалдары (контент): педагогикалық әзірлеу, оқыту нәтижелерін бағалау, қашықтықтан оқыту сценарийін жоспарлау.
Бұл курста тыңдаушылар HiEdTec бойынша және ИОТ нұсқаулығын пайдаланатын болады. Сондай-ақ, оқытушылар Русен университетінің виртуалды кітапханасымен (Болгария) танысады https://e-learning.uni-ruse.bg.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(курс тренері, "HiEdTech" жобасының менеджері
Л.Б. Тюлюгенованың ақпараты бойынша)