1 наурыз – Алғыс айту күні! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » 1 наурыз – Алғыс айту күні!
01 марта 2021

1 наурыз – Алғыс айту күні!

Бұл мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған дархан көңіл қазақ халқына алғыс айтады.


2016 жылдың 14 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін Алғыс айту күні деп жариялаған болатын.

Тарихқа көз салсақ, XX ғасырдың басында елге Беларусь, Ресей және Украинадан 1 миллионнан аса адам қоныс аударған, ұжымдастыру кезеңінде 250 мың шаруа жер аударды. Бүгінде қазақ жеріне 100-ден аса ұлт өкілі ауызбіршілікте, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.

ИнЕУ ұжымы барлық қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды! Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі