» » Құрметті әріптестер, студенттер!
01 декабря 2020

Құрметті әріптестер, студенттер!

Бүгін біз тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше мереке - Тұңғыш Президент күнін тойлап отырмыз.


Ол күнтізбемізде тегін пайда болған жоқ, ол мықты мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуын көрсетеді. Республиканың жетістігі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Жас мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, Н. Назарбаев оның орнықты дамуының маңызды артықшылықтары – тұрақтылық пен бірлік екенін айқындап берді.
Қазақстан – түрлі ұлт өкілдері жылы, достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатқан, қоғамдық өмірінде келісім, экономикасы, ғылым мен мәдениеті үнемі даму үстіндегі мемлекет. Қазақстанның Тұңғыш Президент күні – мемлекеттің өркендеуі мен дамуы жолында Елбасының халықпен бірлігінің нышаны.
Отбасыңызға зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметіңізге табыс, тыныштық пен ізгілік тілейміз!

Инновациялық Еуразия университетінің ұжымы

Чат-бот