Халықаралық кәсіпкерлік бағдарламасына қосылыңыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Халықаралық кәсіпкерлік бағдарламасына қосылыңыз!
19 ноября 2020

Халықаралық кәсіпкерлік бағдарламасына қосылыңыз!

2020 жылдың 6 және 14 қарашасында ZOOM платформасында 2020-2021 оқу жылының 2 семестрінде студенттерге ұсынылатын «Халықаралық кәсіпкерлік» курсының сынақ нұсқасы мен апробациясы өтті.


Кездесу Old Dominion University-мен (АҚШ, Вирджиния штаты) кәсіпкерлік саласындағы халықаралық жоба аясында өтті.

Жобаға ИнЕУ студенттері Виталий Кутышев, Владимир Голубин, Индира Абельдинова, Александр Куликов, Александр Петренко, Алишер Серік, Наталья Лупий және оқытушылар З.А. Арынова, А.В. Алиясова, З.К. Смагулова қатысты.

ИнЕУ студенттері екі күн бойы Old Dominion University профессорларымен және студенттерімен кездесті, бизнес идеяларды халықаралық деңгейде талқылады және бірлескен командаларда кейстер бойынша жұмыс істеді.

6 қарашада профессор Robert J. Pidduck презентацияның көмегімен жаңа кәсіпорындардың халықаралық деңгейге қалай шығатыны туралы айтып берді және командаларға стартап жобаны интернационалдандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды. 14 қарашада командалар өз презентацияларын ұсынды және осы жобаның оқытушылары мен тәлімгерлерінен кері байланыс алды.

  

  

 

Ағылшын тілін меңгерген барлық адамдарды тату команданың бір бөлігі болуға және екінші семестрде бағдарламаға қосылуға шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша сіз кәсіпкерлікті дамыту және инновациялар орталығының директоры э.ғ.к., доцент, PhD, Смағұлова Зубираш Қалыбекқызына хабарласа аласыз. Байланыс телефоны: +77017305411, e-mail: dir_crpi@ineu.kz, smagulova1111@mail.ru

ИнЕУ баспасөз қызметі
(кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығының директоры
З. К. Смағұлованың ақпараты бойынша)