» » «Erasmus+ Talent project 2018-2021» бағдарламасының жобасы бойынша кездесу
27 мая 2019

«Erasmus+ Talent project 2018-2021» бағдарламасының жобасы бойынша кездесу

5z2019 жылдың 14-17 мамыры аралығында «Эразмус + ТАЛЕНТ 2018-2021» бағдарламасы бойынша ИнЕУ оқытушылары - ф.ғ.к., PhD профессоры,  Бизнес, білім және құқық факультетінің деканы Смагулова З.К., "Бинес және басқарма"кафедра доценті, PhD доценті Бекниязова Д.С., э.ғ.к., "бизнес және басқарма" кафедрасының доценті Арынова З.А., э.ғ.к. "Бизнес және басқарма" кафедрасының доценті Кайдарова Л.К. Вестминстр Халықаралық Ууниверситетінде, Ташкент қ., Өзбекстанда жобаның жұмыс кездесуіне қатысу.
 


Кездесуде «Establishing Master programs in HRM and talent Development in Central Asia» жобасын дамыту, пәндер тізімін анықтау және «HR-менеджмент» магистратура мамандықтары бойынша жұмыс оқу жоспарын әзірлеу қарастырылды. Осы мақсатта жобаның әр ЖОО серіктестері (Орталық Азияның 7 университеті) білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар, магистрлік бағдарламаларды аккредитациялау мәселелері қарастырылады (нақты рәсімдер мен мерзімдер Орталық Азиядағы әр университетте ұсынылады). Жобаның серіктесі ретінде Назарбаев Университеті болашақта осы жобаның бөлігі ретінде пайдаланылатын ықтимал байланыс алаңдарын, веб-сайттарды көрсетті.
2z 1z 

3z 4z
Кездесу соңында топтар 4 тақырыптық бағыттар бойынша силлабус мазмұнымен жұмыс істеді. Осыдан кейін Брюссельдің жетекші сарапшылары (Vrije University Brussel) жобаның қаржылық аспектілерін және болашақ жобаларды басқару мәселелерін, мақсаттары мен мерзімдерін ұсынды.
Бұл жобаға қатысу жобаны үйлестіретін әріптес университеттер мен еуропалық университеттермен бірге жұмысын және ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік берді - Heiko Schrader, Eckhard Dittrichр (Otto-von Guericke University, г. Магдебург)Irene Nikandrou, Leda Panayotopoulou (Athens University of Economcs and Business – Research Center, Афина), Rumiana Jeleva, Albena Ieleva (Institute for the Study of Societies and Knowledge,  София қ.), Raf Devos, Roland Pepermans (Vrije Universiteit Brussel, Брюссель). 
 

Жобаға қатысушылар:
Смагулова З.К., Бекниязова Д.С., Арынова З.А., Кайдарова Л.К.

Чат-бот