COVID-19
2020 жылғы 22 қазанда ZOOM платформасында COVID-19 ауруының алдын алу бойынша вебинар-тренинг өтті.
Кездесу карантин кезеңінде ИнЕУ студенттері мен қызметкерлерінің физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға бағытталған.
Тренинг спикерлері «Polilklinika №1» ЖШС алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мамандары: психолог Құралай Серікқызы Айтпаева және СӨС дәрігері Ольга Владимировна Хомякова болды. Олар тыңдаушыларға құзыретті ақпарат берді: коронавирус дегеніміз не, оның белгілері, ерекшеліктері мен берілу жолдары қандай, кім тәуекел тобында, инфекцияның алдын-алу жолдары, сонымен қатар мазасыздықты жою, инфекция қорқынышын жеңу және т. б. туралы құнды кеңестермен бөлісті.
Еске саламыз: ИнЕУ сайтында «Назар аударыңыз! Коронавирус!» бөлімі баронда сіз COVID-19 туралы тексерілген ақпаратпен таныса аласыз.
ИнЕУ баспасөз қызметі