"ИнЕУ студенттерi Covid19-ға қарсы" » Инновациялық Еуразия Университеті
» » "ИнЕУ студенттерi Covid19-ға қарсы"
18 сентября 2020

"ИнЕУ студенттерi Covid19-ға қарсы"


"ИнЕУ студенттерi Covid19-ға қарсы" атты акциясы аясында Павлодар қаласының тұрғындарына 500 медициналық маска және жадынамалар таратты. Бұл iс-шара Республикалық #Bizbirgemiz акциясын қолдау мақсатында өткiзiлдi.


Волонтерлер қала тұрғындарына қоғамдық жерлерде медициналық маскаларды пайдалану қажеттілiгiн еске салу мақсатымен Павлодар қаласының көшелеріне шықты.
Жадынамаларда: «Гигиеналық масканың пайдасыздығы туралы жалған пікірге бой алдырмаңыз. Соңғы зерттеулерде, атап айтқанда Эдинбург университетінің ғалымдары, бір рет қолданылатын үш қабатты маска COVID19 вирусындағы бөлшектердің 80% - ын ұстап тұратынын көрсеткендігі» туралы айтылды .
Маскалар мен жадынамалар аялдамаларда, алаңдарда, саябақтарда, жағалауларда, сондай-ақ қоғамдық көліктерде таратылды.
ИнЕУ-де жүзден астам волонтерлер бар. Олардың қатарына телефон арқылы немесе WhatsApp-қа хабарлама қалдыру арқылы кіруге болады: +7 776 4444 979.

Жақындарыңыз бен өздеріңіздің денсаулықтарына сақ болыңыздар! Маска киіп жүріңіздер!

ИнЕУ баспасөз қызметі