Павлодарда 1 наурыздан бастап трамвай абонементтері арзандайды » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Павлодарда 1 наурыздан бастап трамвай абонементтері арзандайды
24 февраля 2020

Павлодарда 1 наурыздан бастап трамвай абонементтері арзандайды

«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ айлық билеттерге деген бағаларды түсіріп, оларды тұрғындардың әрбір санаттарына қарай бөліп сатады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.


Акцияның шарттарына сәйкес бұрын 6500 теңге тұрған айлық билет 1 наурыздан бастап 5000 теңге тұратын болады. Наурыз айына арналған билетті осындай бағамен 25 ақпан мен 5 наурыз аралығында сатып алуға мүмкіндік бар. Одан бөлек, биылдан бастап әртүрлі санаттардағы азаматтарға арналған абонементтер соған сәйкес бағамен сатылады.
Айталық, мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге арналған абонемент 2500 теңге, барлық оқу орындарының студенттеріне – 3000 тұрады. Әрбір айдың 6-10 күндері аралығында билеттер сәйкесінше, 4000, 2000 және 2500 теңгеге сатылады. Содан соң айдың 11-15 жұлдыздарында бұлар сәйкесінше, 3000, 1500, 2000 теңге, ал 15 күнінен бастап абонементтерді 2500, 1250, 1500 теңгеге сатып алуға болады.


Акционерлік қоғам басқарма төрағасы Мүсілім Махмұдовтың айтуынша, акция жолаушылардың ыңғайлы жол жүруін көздейді. - Әрбір адамның күніне екі мәрте жол жүреді деп есептей отыра бағаларды түсіруге шешім қабылдадық, - дейді Мүсілім Махмұдов. – Бұл қаражат жұмыскерлеріміздің жалақысын өтеп, ұсақ-түйек жұмыстарымызға жетеді. Егер бұл акция халық тарапынан қолдау тапса, бағаларды осындай етіп бекітеміз.

Айбек Жұматов

Фото: автор және Ольга Бугаева

Рavlodarnews.kz

Чат-бот