» » «Бизнес және басқару» кафедрасының командасы «INEU Quiz» зияткерлік квизінде I орын иеленді
26 қазан 2026

«Бизнес және басқару» кафедрасының командасы «INEU Quiz» зияткерлік квизінде I орын иеленді

2026 жылғы 23 қазанда Инновациялық Еуразия университетінде Қазақстан Республикасының Республика күніне орайластырылған «INEU Quiz» зияткерлік квизі өтті. Іс-шара университеттің белсенді әрі білімді студенттерін біріктіріп, олардың білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығы мен командалық жұмыс дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.

«Бизнес және басқару» кафедрасының атынан Эк24-42 және Эк24(с)-32 топтарының студенттерінен құралған «Логика логики» командасы қатысты. Команда жетекшісі – кафедраның аға оқытушысы Анастасия Игоревна Ткачева.

Қатысушыларға күрделілік деңгейі әртүрлі бірнеше кезеңнен тұратын зияткерлік тапсырмаларды орындау ұсынылды. Сұрақтар Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне арналды. Тапсырмаларды сәтті орындау үшін қатысушылардан жан-жақты білім, зеректік, ақпаратты талдау, жылдам шешім қабылдау және командалық үйлесімділік талап етілді.

Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша «Логика логики» командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен білімділігін көрсетіп, I орынды иеленді!

Мұндай іс-шараларға қатысу студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көшбасшылық қасиеттері мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар квиз Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттырып, бірлік пен ұлттық құндылықтарды құрметтеу рухын нығайтты.

«Логика логики» командасын, Эк24-42 және Эк24(с)-32 топтарының студенттерін, сондай-ақ команда жетекшісі Анастасия Игоревна Ткачеваны лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Жаңа жетістіктер, тың идеялар, оқуда табыс және алдағы уақытта да зияткерлік сайыстарда биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!

Telegram ♡ Сенім байланыстары