ИнЕУ студенттері VII Халықаралық экологиялық диктантқа қатысты
Инновациялық Еуразия университетінің студенттері VII Халықаралық экологиялық диктантқа қатысты
6B05201 – «Экология» және 6B11201 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламаларының студенттері Инновациялық Еуразия университеті VII Халықаралық экологиялық диктантқа қатысып, экологиялық даярлықтарының жоғары деңгейін көрсетті. Қатысу қорытындысы бойынша білім алушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және қатысушы сертификаттарымен марапатталды.
Студенттердің қатысуы «Инженерия және өнеркәсіптік технологиялар» кафедрасының профессоры Исаева Ж.Б. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Экодиктант – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, халық арасында экологиялық білімді насихаттауға, экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған жыл сайынғы халықаралық жоба.
Іс-шара Экодиктант.рус
порталында онлайн форматта, сондай-ақ офлайн алаңдарда өткізіледі. Жобаға Ресей Федерациясының әртүрлі өңірлерінің тұрғындары мен шетел мемлекеттерінің өкілдері, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Осындай халықаралық білім беру бастамаларына қатысу студенттердің экологиялық ойлау қабілетін дамытуға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Экодиктант ұйымдастырушылары – АНО «Равноправие», АО «Равноправие» және ООД «Ангел-ДетствоХранитель».
Студенттерге алдағы уақытта ғылыми және білім беру саласында жаңа жетістіктер, экологиялық бастамаларға белсенді қатысу және қоршаған ортаны сақтау мен қоғамның тұрақты дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз.