АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2026 жылғы 19-20 қарашада Инновациялық Еуразия университеті "ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: Еуразия кеңістігіндегі даму динамикасы" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияға қатысуға жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар, ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері шақырылады.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:
- Психологиялық-педагогикалық ғылымның қазіргі заманғы үрдістері
- Зейн Шашкиннің шығармашылық мұрасы: әдебиет, тұлға, дәуір
- Еуразиялық кеңістік контекстіндегі Алтын Орданың тарихы мен мұрасы
- Қуандық Пазылұлы Жүсуповтың ғылыми-әдістемелік мұрасы
- Тұрақты даму: экологиялық үрдістер, ветеринариялық бақылау және тағамдық технологиялар
- Жаһандық өзгерістер жағдайындағы құқықтық реттеу
- Ғылым, технологиялар және цифрлық трансформация: қазіргі заманғы үрдістер мен перспективалар
- Экономиканың тұрақты дамуы және бизнес-процестердің трансформациясы
Конференция гибридті форматта (офлайн және онлайн) өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін Инновациялық Еуразия университетінің сайтында тіркелу қажет (URL сілтемесі бойынша: https://conference.ineu.edu.kz/ru/site/conf-reg ) 2026 жылғы 1-25 қазан аралығында Тіркелу.