ИнЕУ студенттері «Ғылыми әлеует» атты VII Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпаздары » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері «Ғылыми әлеует» атты VII Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпаздары
26 қаңтар 2026

ИнЕУ студенттері «Ғылыми әлеует» атты VII Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпаздары

Инновациялық Еуразия университетінің «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының бірінші және үшінші курс студенттері ветеринария ғылымдарының кандидаты Урюмцева Т.И.-нің жетекшілігімен «Ғылыми әлеует» атты VII Республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми жұмыстар конкурсына қатысты.

Аталған конкурс еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттерін біріктіріп, жастардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, олардың зияткерлік әлеуетін анықтау мен қолдауға бағытталды.

Конкурс қорытындысы бойынша ИнЕУ студенттері жүлделі орындарға ие болды:

  • I орын — Ахметова Гульнара Маратовна (ВС 23с-42 тобы), Сакенова Назира Байкеновна (ВС 23с-42 тобы);

  • II орын — Джолтаев Канат Жанайдарович (ВС 25с-42 тобы), Ахметов Базарбай Ондрисович (ВС 23с-42 тобы);

  • III орын — Дегтярёва Наталья Ивановна (ВС 23с-42 тобы), Касенов Дулат Ермекович (ВС 23с-42 тобы), Тихомолов Владислав Евгеньевич (ВС 25с-42 тобы).

Студенттердің байқаудағы белсенділігі мен жоғары нәтижелері Инновациялық Еуразия университетінде мамандарды даярлау сапасының жоғары деңгейде екенін көрсетеді.


Главная страница Telegram