ИнЕУ студенті «Үздік ғылыми мақала 2025» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды
ИнЕУ студенті «Үздік ғылыми мақала 2025» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды
Инновациялық Еуразия университетінің студенттері мен оқытушылары жоғары дайындығы мен ғылыми әлеуетін тағы да дәлелдеді.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті, ғылыми жетекші Гайша Ертайқызы Имамбаева және «Филология» білім беру бағдарламасының Фил23(с)-32 тобының студенті Малика Тимурқызы Сахманова National Academy of Scientific and Innovative Research (NAcSIR) ұйымдастырған «Үздік ғылыми мақала 2025» халықаралық байқауында I дәрежелі дипломға ие болды.
Халықаралық байқау жас ғалымдардың кәсіби жетістіктерін мойындау және қолдауға, талантты жастарды ғылымға тартуға және ғылыми зерттеулерге қызықтыруға бағытталған. Байқаудағы жеңіс ИнЕУ-де мамандар мен зерттеушілерді дайындаудың жоғары деңгейін растайды.